ПАРАСАТТЫ ҚОҒАМ – МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. Аталмыш датаға орай Таразда «Парасатты қоғам-мемлекет дамуының кепілі» атты форум өтті. Азаматтық қоғам, квазимемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың өкілдері менерікті жастар қатысқан жиында бірқатар азаматтар марапатқа ие болды. Сюжеттен көріңіз.
Форум барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің облыстық департаменті мамандарының жыл бойы атқарған жұмыстар айтылды. Бизнес жол жобасы бойынша 347 кәсіпкердің құқығы қорғалып Бизнеске кедергі келтіретін 6 жағдай анықталған. 260 мемлекеттік қызметші мемлекеттік басқару академиясының оқуынан өткен.
– Бұл форум аясында біз осы жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылап отырмыз. Одан да бөлек осы жыл қорытындылап, келесі жылға қойып отқан мақсаттарымыз бар. Осы мәдениетті қалыптастыруға мынау валантерлермен бірге жұмысты, қоғам мен жұмысты, қай жерде біз өз жұмыстарымызды ары қарай тарта білуіміз керекпіз. Сол мәселенің барлығы жаңағы форум аясында баяндап отырмыз Аоры қарай да осы жұмысты кезең кезеңімен жалғастыратын боламыз,-дейді Даурен Омаров, ҚР СЖҚІА ЖОБ департамент басшысының бірінші орынбасары
Форум аясында қоғам белсенділері мен атқарылған жұмыстарды ақпараттандырған БАҚ өкілдері де марапатқа ие болды. Облыс әкімі мен облыстық департамент басшысының «Алғыс хатымен» табысталды. Бірлесе жұмыс істеген «Тараз24» телеарнасы марапатталды.