JAŃALYQTAR

ЖАС СПОРТШЫЛАР БОКС АЛАҢЫНДА КҮШ СЫНАСТЫ

КСРО спорт шебері Пернехат Губашевтың  құрметіне бүгін  бокстан  дәстүрлі халықаралық турнир өтті.Жарыстың басты мақсаты – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, бұқаралық спорттың дамуына үлес қосу, жастардың спорт пен денешынықтыруға қызығушылығын арттыру және насихаттау болып табылады.

Балалар жылына орай бүлдіргіндерге базарлық жалғасуда. Бұл жолы облыстық дш және спорт басқармасының ұйымдастыруымен шаһарда бокстан облыстық турнир өтуде.Жарыста жалпы саны 254 бала бақ сынасуда. Турнирдің бүгін алғашқы күні, 3 күн бойы жалғаспақ//

Талғат ТАНАБЕКОВ БАС ТӨРЕШІ

Алла қаласа облыс чемпионаты өтеді, 2023 жылы қаңтар айында, соған алдын ала дайындық.Аймақтың түкпір-түкпірінен келген 11 команда қатысты. 10 ауданнан өзге қалалық былғары қолғап шеберлерін қолдауға

Бокс турниріжыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі.Сайысқа қатысқан 12-13 жас аралығындағыжас спортшылар  қатты қуанды. Себебі, бұл – жастарды үлкен рингтерге бастайтын шыңдалу алаңы.

ата-анама рақмет, қатыстырған турниріме рақмет. Енді ертеңгі күні жеңіске жетсем арманым орындалады.спортпен айналысып жүргеніме 1,5 жыл болды. Жарысқа 1 ай уақыт дайындалдым. Болашақта чемпион боламын деген сенімім мол.

3 күннен кейін турнир жеңімпаздары мен қатысушылары медаль, кубок, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Уақыт оза қатысушылардың барлығы да аса ірі халықаралық додаларда дараланып, мемлекетіміздің мақтанышына айналады дейді, мұғалімдері.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *