JAŃALYQTAR

№59 МЕКЕМЕДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДРАМА ҚОЙЫЛЫМЫ КӨРСЕТІЛДІ

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтарға арналған «Аман, сенімдер сөнгенде» атты психологиялық драма сахналанды. Қойылым А. Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылды, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.

Театрландырылған қойылымда адамгершілік, сенім, өмірлік таңдау мен жауапкершілік секілді маңызды тақырыптар қозғалды. Көрермендер кейіпкерлердің тағдыры арқылы түрлі психологиялық жағдайларға қанығып, өмірдің мәні мен адам бойындағы асыл қасиеттер туралы ой түйді.

Мұндай мәдени шаралардың мақсаты – сотталғандардың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтып, өмірге деген көзқарасына оң ықпал ету. Сондай-ақ олардың қоғамға қайта бейімделуіне қолдау көрсетіп, тұлғалық дамуына жол ашу.

Өнердің тәрбиелік қуаты осындай сәттерде айқын көрінеді. Театр сахнасындағы оқиға көрерменге ой салып қана қоймай, өз өміріне, таңдауы мен іс-әрекетіне басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *