BASTY BETBİLİMJAŃALYQTAR

ИННОВАЦИЯҒА ҚҰМАР ЖАСТАРДЫҢ КЕЗДЕСУІ

Өңірдің білімге құмар, жалынды жастары Тараз иновациялық институтында бас қосты. Жамбыл хаб IT орталығында иновациялық жобалардың кезекті презентациясы өтті.

Жамбыл хаб – айти жобаларды дамытуға арналған бірегей алаң. Стартап-мәдениет пен it-қауымдастықты ілгерілету орталықтың басты мақсаты. Бұл биылдыққа өтіп жатқан үшінші пиица питч, дейді жауаптылар. Pizza Pitch – бұл жастар өз стартаптарыын сынап көретін және аудитория алдында сөйлеуге машықтанатын бейресми алаң. Бүгінгі кездесуге 8 топ өздерінің жобаларын алып келген.  Оларға “Қазфосфат” секілді ірі компанияның айти мамандары баға беріп, жобаның кем кетіктерін толықтыруда. Ал бүгінгі кездесу басқалардан өзгеше-,дейді ұйымдастырушылар.

Бүгінгі жарыс сәл өзгеше. Себебі, бұған дейін бізде әртүрлі университеттер мен мектертерден проекттер болған болса, бүгін тек қыздардан құралған командалар қатысып отыр. Өйткені,  біз «Тechnovation girls» халықаралық бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырып жатырмыз. Тараз қаласынан «Тechnovation girls» байқауына 8 команда жобаларын ұсынған болатын. Бүгін сол жобалардың авторлары өз жұмыстарын біздің алдымызда қорғап жатыр-, дейді «ZHambyl Hub» жетекшісі Әйгерім Наурызбекова.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *