Storytelling

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ

Т. Рысқұлов атындағы №48- орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар-практикумы өтті. Жиында мектептің Зертеуші және сарапшы педогогтері жас ұстаздарға заманау әрі сапалы оқуыту әдістерін көрсетті. Атылмыш іс-шараға жалпы қала мектептерінен 30ға жуық педогог қатысты. Бұл туралы «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сабақ – мұғалімнің жалпы және педагогикалық мәдениетінің айнасы, оның зияткерлік байлығының өлшемі, көкжиегінің, эрудициясының көрсеткіші. Әр сабақты тиімді жоспарлау білім сапасын арттыру мен үздік тәжірбиелердің жинақталуы мен жаңашыл идеялардың туындауына әкеледі. Бүгін қалада өткен практикум семинардың да мақсаты осы. Бастауыш сынып мұғалімдеріне нәтижеге бағытталған сабақты жоспарлау әрекеттерінің тиімді жолдарын көсету болып табылды.

  • Семинарға қала мектептерінен көптеген мұғалімдер келіп қатысуда.// Жалпы өскелең ұрпаққа білім беру бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтанда мұғалімдеріміз өзінің іс тәжірибесімен бөлісуде. Семинар барысында мектебіміздің тәжірибелі мұғалімі педагог-зерттеуші Назарбекова Фарида шеберлік сынып көрсетті. Шеберлік сынып барысында сабақтың құрылымы, сабақты тиімді жоспарлау жолдары барлығы тереңінен көрсетілді-, дейді Т.Рысқұлов атындағы №48-орта мектеп директорының орынбасары Сара Шаршыбаева.    

Семинар-практикумда мектептің зертеуші және сарапшы педогогтері «Сапалы сабақты жоспарлау әрекеттері», ойлау дағдыларының деңгейі бойынша «Әдіс-тәсілдер»  тақырыптарында тәжірибе бөлісіп, мұғалімдердің оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сабақты барынша тиімді жоспарлауы қажет екенін атап өтті.

  • Осы семинар арқылы әрбір жас маманның қоржынын жаңа ақпараттарға толтырып, Шығармашылық шыңдалуына үлесімізді қосқымыз келді.Білім беріп отырған оқушыларымыз биіктерден көрінсе, бұл әрбір мұғалімнің еңбегі. Бұл ұстаз үшін ең басты қуаныш. Мұғалім зор тұлға ол күннің құдіретті сәулесі сяқты-, дейді Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлжазира  Әбдешова.  

Жиын соңында ұйымдастырылған кері байланыста жас мамандар өз тәжірибесімен бөліскен спикерлерге және ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ұсынылған әдіс-тәсілдерді өз жұмыстарында қолданатындарын жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *