ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – АЙМАҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ДРАЙВЕРЛЕРІ
Бүгінгі өркениет өлшемі – ғылым мен білімнің даму көрсеткішіне байланысты. Қазір елімізде өркениет көшінен қалмай білім мен ғылым саласын дамытуға баса назар аударылып отыр. Осы орайда Жамбыл облысының 85 жылдығы және Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтының 15 жылдығына арналған «Ғылым және инновация – аймақты дамытудың драйверлері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Бұл туралы «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақ ғылымы дамуының негізгі күші – ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары. 350-ден астам адам бас қосқан жиында даму перспективаларын құру бойынша ғылыми ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ оларды ғылымды дамыту үшін шешуге, инновацияларды жетілдіруге қолдану тақырыптары қозғалды.
- Біздің Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтында «Ғылым және инновация – аймақты дамытудың драйверлері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп жатыр. Конференцияның жұмысына отандық және алыс және жақын шетелдік ғалымдар қатысып жатыр. Оның ішінде Түркия, Корея, бізге көршілес республикалар Өзбекстан мен Қырғыстан ғалымдары қатысуда-, дейді Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ вице-президенті Махметғали Сарыбеков.
Конференцияның мақсаты Жамбыл облысының экономикалық даму ерекшеліктерін зерттеуде әдістемелік және тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеу. Басқосуда өңірдің инновациялық және инвестициялық әлеуетін дамытуға және жақсартуға негіздеолген баяндамалар тыңдалды. Жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты Ерболат Саурықов, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.
- Ғылым мен инновация еліміздің және өңір экономикасының деңгейін арттыра түсетіні баршамызға мәлім. Ал бұл жұмыста ғылым қайраткерері, қарапайым ғалымдар мен ұстаздар әрине алдыңғы шепте. Осы ретте Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтының ұжымын 15 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын-, дейді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев
Айта кетейік, Ғылыми басқосуда Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтының бір қатар оқытушылары 12 сәуір- ғылым қызметкерлері күніне орай марапатталды.