АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ
Жамбыл облыстық сотының ғимаратында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен жергілікті атқарушы, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, жеке сот орындаушылар палатасының және адвокаттар алқасының басшыларының қатысуымен сотқа қатысты өзекті мәселелер бойынша кездесу өтті.
2021 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде Әкімшілік іс жүргізу кодексі күшіне енді. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік органдармен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау. Жауаптылардың айтуынша, кодекс енгізілгеннен кейін азаматтардың арыз-шағымдары көбейген. Мәселен, ағымдағы жылдың 9 айында Жамбыл облысында 59 985 өтініш, оның ішінде облыс әкімі аппаратына 2 917 өтініш тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,6%-ға артық.
– Елбасы Жолдауында «Әділетті Қазақстан» мен «Жауапты азамат» – бір-бірімен байланысты екі ұғым, олар әрқашан еліміздің мызғымас тірегі ретінде қарастырылуы тиіс, Әділ Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз «Әділетті Қазақстан» және «Жауапты азамат» болуға ұмтылуы керек» деп атап өтті. Сондықтан біз жұмысты күшейтіп, алдағы жоспарды құрып, үйлесімді жұмыс істеуіміз керек,-дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі