«ЖАЛЫНДЫ ЖАС – ДАРЫНДЫ ҰРПАҚ» АТТЫ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ
Өнер – ұлттық руханиятымыздың асыл қазынасы, ұлттық болмысымыздың алтын діңгегі. Бүгін осы орайда «Жалынды жас – дарынды ұрпақ» атты мектепаралық өнер фестивалі өтті. Аймақта биыл үшінші рет өтіп жатқан аталмыш фестивальге мектеп оқушылары қатысып, көрерменге өнерлерін паш етті. Бұл туралы «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер фестивалі мектеп мұғалімдерінің тәжірибелік семинарынан басталды. Онда педагогтер өзара тәжірибелерімен алмасып, ой пікір білдірді. Ал конкурстың ашылуы М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттерінің қатысуымен «Сәт» атты театрландырылған композициялық қойылымнан басталды.
- Жалынды жас – дарынды ұрпақ» деп өзі аты айтып отыр. Ертең біздің экономикамыздың өсуіне, білімді және парасатты ұрпақ тәрбиелеуде бұндай фестивальдер, жиындар өте қажет деп ойлаймын. Мысалы: көркем сөз үйірмесі қалай жұмыс істеп жатыр?, драма үйірмесі қалай жұмыс істеп жатыр?, вокалдық, би үйірмесі мектептерде қалай жұмыс істеп жатыр соның бүгін нәтижесі болайын деп тұр-, дейді М.Х Дулати атындағы тараз өңірлік университеті мәдениет және өнер кафедрасының меңгерушісі Айгүл Қабиева
Мұндай байқаулар жас ұрпақты ұлттық құндалықтарды дәріптеуге, шығармашылық ізденіске тәрбиелейді дейді, ұйымдастырушылар. Аталмыш конкурсқа қала, облыс мектептерінің 9-10 сынып оқушылары қатысты. Олар вокал, хореография, көркемсөз, театр нері номинациялары бойынша бақтарын сынады. Жиын соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ естелікке суретке түсті.