QOǴAM

ОБЛЫСҚА 3 КҮНДЕ 3226 РЕСЕЙЛІК КЕЛГЕН

Көрші елдегі саяси жағдай Қазақстанды да дүрліктіруде.  Ал, әлеуметтік желі қолданушылары  тіпті,  шетелдік азаматтарының елге ағылуына қарсы көзқараста. Алайда, алаңдауға ешбір негіз жоқ, дейді көші-қон қызметі. Нақтысы Арман Асылханұлының айтуынша,  соңғы 3 күнде 3226 орыс азаматы кірсе, 3741қайтадан кетіп үлгерген.

Көші-қон туралы Заңға енгізілген соңғы түзетулерге сәйкес, елде 30 күннен аз уақыт болған шетелдіктер тіркеуден өтуге міндетті емес.  Алайда, шетел азаматтарының келгені туралы Ішкі істер органдарына хабарлануы тиіс. Бұл туралы қабылдаушы немесе шақырған тарап, соның ішінде жалға берілетін тұрғын үй, қонақ үйлер иелері хабарлауы керек. Ал, аталған міндеттемелер орындалмаса,  айыппұл салынады, деп атап өтті.

Арман ТҰРДАЛИЕВ   ЖО ПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *