ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Жуалы ауданында Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейінің қабырғасында ұстаздарға арналған «Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Бұл жолғы оқыту семинары тірек мектептерінің әлеуетін дамытуға бағытталып отыр. Яғни, ғылымға қызыққан жас зерттеушілердің жұмыстарына қолдау көрсететін мұғалімдер кәсіби біліктерін одан әрі тәжірибе жүзінде шыңдап, оқушыларының жақсы нәтиже көрсете алады-,дейді ұйымдастырушылар.
Тәжірибелік семинарға Алматы, Жетісу және Жамбыл облыстарынан физика, химия, биология, география, тарих, көркем еңбек, музыка пәндерінен дәріс беретін 100-ден астам педагогтері қатысты. Оқыту семинарының мазмұны оқушылардың функционалды және цифрлық сауаттылығын қалыптастыру мен зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталды.
– Мұғалімдер осы оқу бағдарламада зертханалық практикалық жұмыстардың ұйымдастырылуымен танысады. Практикалық лабороториялық жұмыстар арқылы өз нәтижелерін көре отырып, қорытынды жасай алады. Осы сынды семинарларда тиімді жұмыс өтеді деген ойдамыз-,дейді «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ «білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының аға менеджері Азиза Абдурахманова.
Семинарда тәжірибелік оқытуға баса назар аударылды. Іс-шараға қатысушылар оқу бағдарламасындағы тақырыптарды және оқу мақсаттарын жан-жақты қарастырды. Екі күнге созылған семинар жұмысында тірек мектеп-лицей педагогтері қатысушыларға тәжірибелік жұмыстар жүргізіп, қосымша білім беру бағытындағы атқарылған жұмыстарымен тәжірибе алмасты. Ұсынылған шеберлік-сағаттар арқылы мұғалімдерге педагогикадағы заманауи әдіс – тәсілдерді сабақ барысында қолданудың тиімді жолдары көрсетілді. Семинар соңы Батыр Бауыржан Момышұлының тарихи мұражайына экскурсиялық сағатпен жалғасты.