BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ БІШКЕК ПЕН ТАШКЕНТТЕ СУ ЖЕТКІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 28–29 шілде күндері Қырғызстан мен Өзбекстанда жұмыс сапарымен болып, өңірлерге су жеткізу мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

28 шілдеде Бішкекте Қанат Бозымбаев Қырғыз Республикасының Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиевпен және бірқатар жауапты ведомство басшыларымен кездесті. Тараптар Нарын СЭС каскадының, Талас бассейнінің, сондай-ақ Киров және Орто-Токой су қоймаларының тамыз айындағы жұмыс режимін талқылады.

Кездесу нәтижесінде бұрын бекітілген келісімдер аясында су тапшылығы мен қуаңшылық салдарынан жеткізілмей қалған су көлемін қосымша жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ал 29 шілдеде Ташкент қаласында Вице-премьер Қанат Бозымбаев Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Ариповпен және су-энергетика саласындағы жауапты басшылармен келіссөздер жүргізді. Кездесу қорытындысы бойынша екі апта ішінде су жеткізу кестесіндегі кідірісті жоюға бағытталған бірлескен шаралар келісілді.

Аталған келісімдер Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында вегетациялық маусымды толық аяқтауға мүмкіндік береді. Бұл мәселе Үкімет пен өңірлік әкімдіктердің тұрақты бақылауында тұр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *