BASTY BETBİLİM

«ӘЛЕМДІ КІТАП АРҚЫЛЫ ТАНИМЫН»

Балалардың бойына рухани құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді сіңіру аса маңызды. Ал оны жеткіншектер кітап оқу арқылы ала алады. Бүгін 2 сәуір – халықаралық балалар кітабы күніне орай «Әлемді кітап арқылы танимын» атты сиқырлы феерия кеші өтті. Бүлдіршіндер түрлі ертегі кейіпкерлерімен танысып, қойылымдар тамашалады.

 Кітап – сарқылмайтын қазына. Баланың бойына жақсы қасиеттерді, ұлттық құндылықтар мен тарихымыз туралы деректерді дәл осы кітап арқылы сіңіре аламыз дейді, кітапханашылар. Сиқырлы феерияның мақсаты да осы.  Өскелең ұрпаққа кітап оқуға деген құмарлығын, рухани байлығын, шығармашылық қабілеттін арттыруға бағытталған. Әрі ата-аналарды да осы бір игі іске тарту.

«15 наурызда ұлттық құрылтай болды. Сонда президентіміз кітапқұмарлық – ол жақсы қасиет деп айтқан болатын. Ал ол қасиетті мынау баланың бойына бала кезінен баулуымыз керек. Негізі мынау шара 56 жыладан бері халықаралық кеңестің шешімімен жылда ұйымдастырылады»-,дейді Д.Қонаев атындағы ЖО балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлфайруз Інкәрбекова.

Думанды кешке жиналған жасөспірімдер ертегі әлеміне саяхат жасап, кейіпкерлермен бірге ойын ойнады. «Диал» би студиясы, «Шабыт» би орталықтары балақайларға ерекше көңіл күй сыйлады. Кішкентай балақайлар түрлі силықтарға ие болып, ғажайып ертегілер арқылы кітапқа деген қызығушылықтары арта түскендей.

– Маған «Кітап арқылы әлемді танимын» деген ұйымдастырушылардың концерті ұнады. Біз қатысушы ғана емес көрермен болып келеміз. Біз антиматорлармен қызықты флешмоппен билеп, көңіл-күйіміз көтеріліп қалды. Маған өте қатты ұнады. Ұйымдастырушыларға көптен көп рақмет»-,дейді қатысушы Дария Бейнұрқызы.

Іс-шараның соңында балалар ертегі кейіпкерлерімен естелікке суретке түсіп, көтеріңкі күңіл күйде тарқасты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *