ТАРАЗДЫҚ СТУДЕНТТЕР ДРОН ЖАСАУДЫ ҮЙРЕНЕДІ
Таразда ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар өндірісі мен осы сала мамандарын оқыту ісі қолға алынбақ. Бүгін қытайлық «Starmach Technology» компаниясының президенті Лю Шидонг Тараз жеріне келді. Компания Дулати университетінде студенттерге ұшқышсыз ұшу құрылғыларын таныстырды, деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.
Қытайлық Zhejlang Starmach Technology компаниясы негізінен дрон шығарумен айналысады. Бүгінде аталмыш компания бірқатар елде өзінің технологияларын ендіріп дрон жасау технологияларын оқытуда. Бүгінгі көрме аясында Дулати университеті мен Starmach Technology компаниясы арасында меморандумға қол қойылды.
«Осы Дулати университетіне қытайдың ұшқышсыз ұшатын аппараттарының технологиясы келеді. Осы технология бойынша біздің университетте өндіріс ашылмақ. Сол өндіріс орнына біз дрондармен жұмыс жасайын мамандар даярлайтын боламыз»,-дейді М.Х.Дулати атындағы ТАРӨУ ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры Сейітжан Орынбаев.
Шара барысында компания өкілдері өз өнімдерін білім ордасының оқытушылары мен студенттерінеи таныстырып, ұшқышсыз ұшатын құрылғыларды іс жүзінде көрсетті.
«Бүгінгі көрмеге біз арнайы көзілдірікпен басқарылатын FPV дрондарымызды және басқа да ұшқышсыз ұшу құрылғыларын алып келдік. Қазіргі уақытта меморандумда болашақ инженерлерді өндірістерде және одан әрі дрон операторларын оқыту үшін Қытайдан мамандар шақырылатыны көрсетілген. Ал студенттермен алмасу мәселесі әзірге қарастырылуда»,- дейді «ZHEJLANG STARMACH TECHNOLOGY CO.LTD» компаниясының президенті Лю Шидонг.
Бұл келісім өңірдің цифрлық саласының дамуына және дрон құрылғыларын енгізу арқылы түрлі секторлардағы жұмыс жүйесін оңтайландырылатынына семіміз мол дейді жауаптылар.