BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

АВТОЖОЛ САЛАСЫН РЕФОРМАЛАУ БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЖҰМЫС ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің өкімімен автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды. Бұл Мемлекет басшысының Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қолға алынды, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс тобы жол құрылысының қолданыстағы жүйесін, сапаны бағалау тәсілдерін қайта қарап, стандарттар мен құрылыс нормаларын жаңартуға тиіс. Сондай-ақ жол инфрақұрылымын жақсарту, мемлекеттік қаражаттың тиімді әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз ету үшін цифрлық шешімдерді қамтитын жаңа басқару тетіктері әзірленеді.

Топ құрамына Премьер-министрдің бірінші орынбасарының жетекшілігімен бірқатар министрліктің басшылығы, Бас көлік прокурорының орынбасары, ұлттық компаниялар мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері, сала сарапшылары және Құрылтай депутаттары кірді.

Олжас Бектенов жұмыс тобына биылғы 1 желтоқсанға дейін автожол саласын түбегейлі реформалау жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Ұсыныстарға заңнамалық өзгерістер де енгізілуі керек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *