AGROBASTY BETJAŃALYQTARАймақ

МЕРКІДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЙ КӨРМЕСІ ӨТТІ

«Мал өсірсең – қой өсір, табысы оның көл-көсір». Мұны жамбылдық фермерлер жақсы біледі. Өйткені, соңғы жылдары мал шаруашылығына бет бұрғандар қатары көбейді. Сондықтан болар біздің өңірде бұл сала бойынша өсім байқалады. Ал меркілік шаруалар ірі, ұсақ малды асылдандыру ісін дамытып отыр. Мәселен, Меркі ауданында Жамбыл облысының асыл тұқымды қой көрмесі өтті. Бұл туралы «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өркениетті өндіріске бет бұрып, саннан сапаға көшу қажет. Алдағы уақытта Шопан ата түлігін өсіруде табыс табу үшін өнімділігі жоғары асыл тұқымдысын ұстау басты шарт. Етті және жүнді қой өсіру бүгінгі заман талабы. Асыл тұқымды қойлардың тағы бір артықшылығы-нарықта өтімді деген меркілік шаруалар осындай шаралардың арқасында жергілікті шаруалар асыл тұқымды малдарды өсіруде білікті шаруалармен мол тәжірибе алмасты. Халықаралық шараға Жамбыл облысынан бөлек, республиканың әр аймақтарынан, көрші Қырғызстан бен Өзбекстан елдерінен асыл тұқымды қой өсірумен айналысатын жалпы 40-тан аса шаруа қожалығы қатысты. Мал шарушалығымен айналысатын азаматтар 200-ге жуық асыл тұқымды қошқарларын алып келіп, көпшілік назарына ұсынды. Қой шаруашылығы – өңірде мал өсірудің басты салаларының бірі. Қой өсіруде тез семіретін етті, етті-жүнді тұқымды көбейтуге басымдық берілуде.

– Басты мақсатымыз – асыл тұқымды мол ет беретін малдың көрмесін ұйымдастырып, осыған облыс шаруаларын тартып, осы көрменің нәтижесінде осындай шаруашылықтардың санын көбейту-,дейді Жамбыл облысы фермерлер қауымдастығының төрағасы Дулат Сұлтанбеков.

Көрмеде қошқарлар жасына қарай «Қозы тіс еркек», «Абсолют», «Саулық»  және асыл тұқымды қойлар «Ұрғашы қозы» номинациялары бойынша бағаланды. Шараның қорытындысы бойынша, Шу ауданының шаруасы Болат Қырғызбаев  алып келген “Нептун” лақап атты қошқар абсолютті салмақ дәрежесінде 198,5 келі шығып, жеңімпаз атанды. Шаруаның айтуынша золотой атымен танымал қошқардың баласы красавчиктің немересі екен. бұған дейін түрлі көрмелерде жүлделі орындардан көрінген.

-Бұл “Золотой” деген қошқардың баласы. Красавчиктің немересі. Былтыр Шымкентте өткен халықаралық көрмеде жеңімпаз болып, бірінші орын алған болатын.  Енді биыл облыстан  екінші орын алды-, дейді көрме қатысушысы Болат Қырғызбаев 

Айта кету  керек, халықаралық шараға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков, Меркі ауданының әкімі Жорабек Баубеков  қатысып, келген қонақтарды шараның ашылуымен құттықтады. Көрмені тамашалап,  шаруаларға сәттілік тіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *