BASTY BETJAŃALYQTAR

ТАРАЗДА 100 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ УАҚЫТЫЛЫ АЯҚТАЛМАҒАН

Таразда өткен жылы 100 нысанның құрылысы аяқсыз қалған. Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мамандардың есебінше, тізімде тұрғын үйлер, мектеппен басқа әлеуметтік нысандар бар. Тіпті 2019 жылдан бері құрылысы біпеген нысандар да кездеседі екен. Бұл туралы «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тараз қаласында былтыр 158 нысанның құрылысы жүргізілген. Оның 58-і ғана аяқталып, пайдаланауға берілген. Қалған 100-нің құрылысы мерзімді уақытында бітпеген. Мамандардың сөзінше тізімде 3 жыл бұрын қолға алынған ғимараттар да кездеседі. Ал былтырдан қалған 60 нысанның құрылысы биыл жалғасып жатыр.
-Қарап отсаңызыздар енді 2021ден 13, 2022ден 25 деген енді бұлар уақытында тапсырылмаған проблемалық, болашақта проблемалық нысандар болуы мүмкін деген нысандар. Осы қаладағы біздің мемлекеттік мекемелердің хатының негізінде 13 әкімшілік іс қаралды нәтижесінде 24 іс қозғап, нұсқамалар бердік айыппұлдар салдық,-дейді Жамбыл облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайрат Бисембаев.
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, қалада 2 нысаның құрылысы проблемалық нысан ретінде тіркелген. Оның бірі, «Арай» алқабындағы 600 орындық мектеп. Бірақ, қала әкімінің орынбасары Қайрат Исмайлдың айтуынша, білім ордасындағы жұмыстар толық аяқталған. Ал екіншісі «ВИЛЕНА» ЖШС салып жатқан тұрғын үй.
-Бірақ енді алға қосымша беріп отырмыз. аяқталмаған жұмыстарды аяқтау туралы, не болмаса қаржыны өндіру туралы. процес жүріп жатыр,-дейді тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмайл
Жиын соңында мамандар құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтауды, ал бұл істің сапалы орындалуы үшін тапсырыс берушілер мен мердігерлер бірлесіп күш салуға шақырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *