ҚҰЛАНДА «AYALA» ЦЕХЫ АШЫЛДЫ
Ауылдың дәмі – «Аялада». Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында жартылай дайын үй өнімдерін шығаратын цех ашылды. Шағын кәсіпке қолдау көрсетіп аудан тұрғындары мен ауылдық округ әкімі арнайы келіп, лента қию рәсіміне қатысты.
Мемлекет басшысы бір сөзінде бизнестегі әйелдердің үлесі 48 пайыздан асты деп тілге тиек еткен еді. расында мемлекет тарапынан жүйелі қолдаудың арқасында нәзік жандылардың кәсіптері алға басып келеді. Оның айқын дәлелі кәсіпкер – Галинур Жомартова өз ісін 2019 жылы бастаған. Енді міне тағы бір кәсіпті қолға алып отыр. Қуанышқа ортақтасқан қонақтар кәсіпкер ханымға ізгі тілектерін білдірді.
Галинур ЖОМАРТОВА ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
– 5 жыл бұрынбизнесімді бастадым. Басында 3-4 адам жұмыспен қамтылды, бүгінгі күні тұрақты жұмысқа – 10 адам жұмысқа орналастырылды. Әкімге, депутаттарға және қор басшыларына үлкен алғысымды білдіремін.
«Аяла» цехы үй жағдайында дайындалған, халал өнімдерді ұсынады. Котлет, тұшпара, манты, дайын қамыр түрлері, фрикаделькалар, желемен жаңа піскен кондитерлік өнімдер де сатылымға шыққан. Цех қызметкерлері ауданда көлемінде ғана емес, еліміздің әр өңіріне өз өнімдерімізді жеткізуге ниетті.
Несібелі ЖҰМАБЕКОВА «AYALA» ЦЕХЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
– Бүгін “Ayala” цехының ашылуы өтті. Бизнестің өзі 5 жыл бұрын, 2019 жылы ашылған. Қазірде кеңейтілді. Тек ауданда ғана емес, бүкіл республика бойынша да өркендеуін тілеймін.
Кәсіпкер Галинур Жомартова алдағы уақытта кәсібінің көкжиегін кеңейте түспек. Жартылай фабрикатталған өнім түрлерін көбейтіп, цех жұмысын одан әрі жандандырмақ. Әрі ел бойынша өнім жеткізу қызметтерін іске қосуға ниетті кәсіп иесі, бүгін игі істің бастамасы ретінде салтанатты ашылу рәсімінен кейін барлық қонақтар үшін ауызашар берді.