AGROBASTY BETJAŃALYQTARQOǴAM

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ

Өткен сенбіде Таразда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Шаһар тұрғындарына тауарлар әдеттегідей арзандатылған бағада  ұсынылды. Тараз қаласы мен тұрақтандыру қорынан, 7 ауданнан әкелінген өнімдер көптің көңілінен шықты. Бұл туралы «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жәрмеңкеге қазіргі сұранысына ие делдалсыз тікелей келген өнімдер шығарылды. Жамбыл облысының әр ауданынан келген тауар өндірушілер  халыққа 28,5 млн теңгенің 46,2 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынған. Атап айтқанда, 9,6 тонна ет, 2,5 тонна шұжық өнімдері, 5 тонна сүт өнімдері, 7 мың дана жұмыртқа, 0,6 тонна кондитерлік өнімдер және 4,4 тонна макарон өнімдері және тағы басқалар. Қала тұрғындары болса осындай жәрмеңкелер жие өтіп тұрса екен деген ниеттерімен бөлісті.

  • Осы орталықта Сүлейменов көшесінің бойында тұрамын. Осындай жәрмеңкенің ұйымдастырылуы бізге өте ыңғайлы болды. Біріншіден зейнеткерлердің көпшілігі осы орталықта тұрады. Оларға Грандбазар, Ауылберекеге барып жүргенше осы жерден алғандары ыңғайлы. Барлықөнім Ет, жеміс-жидек, көкөністер балғын әрі сапалы, зейнеткерлерге жақсы көмек болды. Әкімдіктегілерге алғысымызды білдіреміз. Осындай жәрмеңкелер көбірек ұйымдастырылады деген үміттеміз,- дейді қала тұрғыны Лутфия Исламова

Жәрмеңкеге қатысқан кәсіпкерлердің айтуынша, мұндай шараларды өткізу, тауар өндірушіге де, тұтынушыға да өте тиімді. Ең алдымен, өзімізде өндірілген отандық әрі сапалы өнімді өткізудің ұтымды жолы дейді. Өз өнімін ала келгендердің бірі– Ескендір Әбзелбеков.  Құлан ауылының тұрғыны төмендетілген бағада форель балығын сатылымға шығарған.

  • Тұрар Рысқұлов ауылында өндіреміз. Өзіміздің форель балығымызды 2021 жылы өндіріп бастадық. Қазіргі таңда 1 кг нан асатын балық бар, өзіміздің өнім,- дейді жеке кәсіпкер Ескендір Әбзелбеков

Ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізу игі дәстүрге айналған. Облыстық шаруалармен кәсіпкерлер қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі тағамдар ұсынып, сөрелерді табиғи өнімге толтырды. Жәрмеңке аймақтық тауар өндірушілерге өз өнімдерін делдалсыз өткізуге мүмкіндік береді. Әрі халық үшін тауар бағасы  10-20 пайызға арзан болады. Бұл жолы да жәрмеңке көптің көңілінен шыққан сыңайлы. Өйткені, жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілектерін жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *