№59 МЕКЕМЕСІНДЕ ПСИХОАКТИВТІ ЗАТТАРДЫҢ ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ
12 қараша күні Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде психоактивті заттардың зияны мен тәуелділіктің алдын алуға бағытталған дәріс ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Taraz 24 News» ақпараттық порталы.
Іс-шараға Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологтары Ли Любовь Геннадьевна мен Темербекова Аяулым Ардаққызы қатысты.
Кездесу барысында мамандар алкоголь, есірткі және темекі өнімдерінің адам ағзасы мен психикасына тигізетін кері әсері туралы түсіндірді. Сонымен қатар тақырыпқа қатысты бейнероликтер көрсетіліп, тәуелділіктің алдын алу жолдары мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – психоактивті заттардың зияны туралы ақпараттандыру, тәуелділіктің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету.


