BASTY BETJAŃALYQTAR

АЛАЯҚҚА АЛДАНҒАН

Жамбылда тағы бір азамат танысына алданып қалған. Оқиға Жаңатас қаласында болған. Сарысу аудандық полиция бөліміне арызын арқалап келген аудан тұрғынының айтуынша жұмысқа орналастырып беремін деген күдікті 175 мың теңгесін жымқырған. Қызметі үшін ақшасын алған соң ізім-ғайым жоғалтыпты.

Оңай олжаға кенелгісі келген азамат көп ұзамай құрықталып отыр. Қазіргі таңда оның үстінен полиция қызметкерлері «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастаған. Жаңатас қаласының 33 жастағы тұрғыны жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұсталған.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Айта кету керек, дәл осындай оқиға осыдан 4 ай бұрын Тараз қаласында орын алған еді. Шаһар тұрғыны Чехияға жұмысқа жіберуге уәде берген алаяқтардың құрбаны болғанын айтып полиция департаментіне хабарласқан. Әйелдің айтуынша, сілтеме бойынша өтіп, оған әлеуетті “жұмыс берушілер” хабарласқан. Әдеттегідей құжаттары мен жұмысқа рұқсат беру үшін 500 000 теңге төлеу керектігін жеткізген. Ол көп ойланбастан ақшаны шотқа аударады. Кейін шетелге жібереміз дегендермен байланыс орната алмаған. дейді полиция қызметкерлері.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *