BASTY BETJAŃALYQTAR

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУ ONLINE ЖҮЙЕ АРҚЫЛЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсы екі түрге бөлінеді: ішкі (мемлекеттік қызметшілер арасында) және жалпы (барлық азаматтар үшін). Іріктеу процесі құжаттарды қабылдау, тестілеу (заңнаманы білу, құзыреттілікті бағалау), әңгімелесу және қорытынды шешім қабылдаудан тұрады. Барлық кезеңдер «eQyzmet.gov.kz» интернет-порталында онлайн түрде жүргізіледі.

Жаңа формат үміткерлерге белгіленген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен қатысуға мүмкіндік береді. Іріктеу ашықтықты, әділдікті және тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Негізгі кезеңдер:

  • Жүйеде конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау;
  • Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өтінімдерін қабылдау;
  • Үміткерлердің жеке қасиеттері мен мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
  • Эссе жазу (кейбір лауазымдар үшін немесе мемлекеттік орган шешімі бойынша);
  • Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесу немесе төменгі лауазымдарға практикалық бағалау;
  • Конкурс қорытындысын шығару.

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына іріктеу мен орналасуға конкурс өткізудің уақытша тәртібі енгізілген.

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстық жергілікті атқарушы органдар 695 бос лауазымға жалпы конкурс жариялаған. Оған 2 965 үміткер қатысып, бір орынға 4,3 адам бәсекелес болған. Өткізілген конкурстар нәтижесінде 318 жеңімпаз анықталып, мемлекеттік қызметке қабылданған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *