BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІС?

Инвесторларды тартып, кәсіпорындар ашуға күш салу қажет. Осылай деген облыс әкімі өзінің төрағалығымен өткен жиында бірқатар аудан әкімдерімен, басқарма басшысына қатаң сөгіс жариялады. Сонымен қатар жиында, өткен жылдың қорытындысымен Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші 102,4 пайызды құрағаны айтылды.

Қолда бар бюджет қаражатын тиімді игере алмай отырған басшылар да жоқ емес. Бірқатар басқармалар мен аудандарда экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштер толық орындалмаған дейді Ербол Қарашөкеев. Облыс әкімі өткен жылы әр түрлі жобаларға бөлінген қаржыны игермеген және міндетті межеге қол жеткізбеген Меркі, Қордай ауданы әкімдеріне, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына қатаң сөгіс жариялады.

– Бір қатарыңызға уақыт пен тиісті тапсырмалар берілді. Ескерту жасалды. Алайда кейбір басқарма басшылар тарапынан тапсырмалар толық орындалмады. Осы орайда өз міндеттерін толық орындамағаны үшін Қордай ауданы әкімі Бегзат Сейсенқұлұлына, Меркі ауданы әкімі Жорабек Нұрмергенұлына, Ауыл щаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Ахметханұлына қатаң сөгіс жариялаймын,-дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі

Бас қосуда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жайлы баяндама жасаған Сандуғаш Абдралиеваның айтуынша өңірімізде ауыл шаруашылығынан өзге салаларда оң динамика қалыптасқан.

– Жыл қорытындысымен экономикалық өсім 102,4%-ды құрады. Бұл ауыл шаруашылығы (97%) саласынан басқа барлық салаларда орын алған оң қарқын есебінен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, өнеркәсіп саласында өсім 100,1%, құрылыс – 118,7%, байланыс – 107,2%, сауда – 101,7%, көлік – 105,2%-ды құрады,-дейді Сандуғаш Абдралиева, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

Аймақ басшысы өңірде өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін арттыру қажеттігін баса айтып, жауаптылар инвестиция тартуға мүдделілік таныту керектігін ескертті. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алудағы бірқатар жайттарды айрықша атап өтіп, «бір көзден» сатып алу тәсіліне жол берілмеу керектігін еске салды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *