BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Арыз бен шағымды, өтініш пен өзгеде азаматтардан келіп түсетін түрлі құжаттардың ара жігін ажыра білген абзал. Кеше облыстық сот басшылығы мен өкілдері Әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өткізді.

Кеңес отырысында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, қарау, орын алған заңсыз әрекеттерін мен талдау мен олардың себебі мен салдарын жою бойынша құқықтық кеңестер берілді. Жалпы осы күнге дейін сотқа 949 арыз-шағым келіп түскен. 114-не сотпен шешім шығарылса, оның ішінде 75 әкімшілік іс бойынша талап арыздар қанағаттандырылған. Келтірілген мәліметтерге сүйенсек мұндай келенсіздіктер көбінесе жер дауларымен, үйге кезекке қатысты туындайтын көрінеді. Құзырлы органдарға бір азаматтан бірнеше мәрте шағымдар мен арыздар келіп түскен дейді жауаптылар.

– Жер даулары бойынша, жер учаскілеріне жекеменшік және уақытша жер пайдалану құқығын берудің заңдылығы мәселелері бойынша даулар, әкімдіктің жер пайдаланушымен жалдау шартын бастартуына байланысты даулар. Жеке тұлғаларды жер кезегінен алып тастау даулары көп таралған.Жер дауларын қарау кезінде әр бір екінші талап қою бойынша, жергілікті атқару орган бір немесе басқа да әрекеттерді қабылдау құқығы бола тұра яғни әкімшілік қалай бола тұра шара қабылдамайды. Мысалы әкімшілік қалай бола тұра заңсыз қаулы күшін жоймайды,-дейді Алтынай Сәулембекова, Жамбыл облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *