ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ ТІЛШІЛЕРІ ЫСТАМБҰЛДА БАС ҚОСТЫ
Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі және TGA (Түркия туризм таныту және дамыту агенттігі) ұйымдастыруымен бір топ журналист Түркияның Ыстамбұл қаласына сапар шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстаннан бөлек Әзербайжан, Қазақстан және Өзбекстаннан келген журналистер тобы үш күн бойы тарихи шаһардың көрікті жерлерін аралап, елдің туризм саласындағы артықшылықтары мен ерекшеліктері жайлы жан-жақты мәлімет алмақ. Ал елімізбен киелі мекенге El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі мен 24.kz телеарнасының өкілдері аттанды.
Ал гид Беркан Ташанның сөзіне қарағанда, бұл сапардың басты мақсаты түркітілдес елдердің тілшілеріне Түркия, соның ішінде Ыстамбұл туралы мейлінше кеңірек мағлұмат беру.
Бұл сапар барысында мәдениет пен тарих, сондай-ақ туризмнің әртүрлі салаларына, сән, сауда, сауықтыру әлеміне бойлайтын боламыз. Түркияның әр өңірінің өз ерекшелігі бар. Мысалы, кей қалалар сауда-саттықпен айналысса, кейбірінің артықшылығы – асханасында. Енді бірі мәдениеті және тарихымен назар аудартады, – деді ол.
Ал Әзербайжаннан келген Redaktor.az сайтының бас редакторы Акил Аслан мұндай іс-шаралардың мәні зор екендігін алға тартады. Себебі ол осы арқылы түркітілдес халықтардың байланысы артады деп санайды.
Өзім Түркияның талай аймағында болдым. Бірақ Ыстамбұлдың орны бөлек. Сондықтан да Ыстамбұл түркітілдес журналистердің басын қосқанына қуанып отырмын. Осынау ерекше мекенде Түркияның ғана емес, бір-біріміздің мәдениетімізді, тілімізді, тарихымызды тани түсеміз. Бізде ортақ дүние көп, сол үшін де Тұран одағын құрудың маңызы орасан. Сонда үлкен күш боламыз, – деді ол.
Қалай болғанда бұл сапардың түркі халқына ортақ дүниелерді тани түсуімізге септігі мол болары анық.
Түркия жайлы толық ақпаратты www.goturkiye.com сайтынан біле аласыздар.