ҚЫЗДАРҒА ПОПИЛЛОМА ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНА САЛЫНАДЫ
Қазақстанда биылдан бастап мектеп жасындағы қыз балаларға папиллома вирусына қарсы вакцинация салынады. Дәрігерлер бұл вакцина жатыр мойны қатерлі ісігінен қорғайды. Әрі дерттің алдын алудың жалғыз жолы екпе деп отыр. Айта кету керек, 11 жастан асқан жасөспірім қызға егу жұмыстары ата-анасының рұқсатымен ғана жүргізіледі.
Елімізде жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безі қатерлі ісігінен кейінгі екінші орында тұр. Ал оны қоздырушы «адам попиллома вирусы». Соңғы 10 жылда бұл дерт 4500-ге жуық қазақстандық әйелдің өмірін қиған. Өлім-жітімді азайту үшін осы жылдан бастап папиллома вирусына қарсы вакцинациялау басталады. Ол үшін екпенің 176 мың дозасы сатып алынбақ.
– Бұл өте маңызды потология. Егер біз қыздарға ерте жастан вакцинация жасасақ, бұл потологияны алдын алуға болады. Себебі жатыр мойны обырының себебі- адамның паппилома вирусы. Егер біз жақсы әрекет етсек, онда біз жетістікке жетіп, жатыр мойны обырын жеңеміз деп ойлаймын. Қазірде вакцинация басталған түрлі елдерде жатыр мойны обыры іс жүзінде анықталмаған,-дейді Александр Тин ЖО көпсалалы онкология және хирургия орталығы директорының орынбасары
Вакцинацияның ең тиімдісі – 11 жас дейді ақхалаттылар. Өйткені, қыз бала жыныстық қатынасқа түске дейін жасалса, организмде антиденелер пайда болады. Яғни болашақта вирусты жұқтыра алмайды деген сөз. Ал екпе екі кезеңнен тұрады. Біріншісі салынғаннан соң, екіншісі бір жылдан кейін жасалады.
– Қазірде 11 жастан асқан қыздардың тізімі жасалуда. Жамбыл облысы бойынша, оның ішінде әрбір қалалық, аудандық емханаларда осы тізімдер жасалынуда. Облыста біз осы диагноз бойынша жылына 65-70 әйел қабылдаймыз. Олардың жартысына ерте кезеңде диагноз қойылған. Сондай-ақ 3-4 кезеңінде келетіндер де бар. Яғни, дамыған кезең-бұл басқа органдардың митостазы пайда болған кезде. Тиісінше, біз ол кезеңде әйелді емдей алмаймыз,-дейді Александр Тин, ЖО көпсалалы онкология және хирургия орталығы директорының орынбасары
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тоғыз жасқа дейінгі балаға және 55 жастан асқандарға, екпе құрамындағы заттарға сезімталдығы бар, жүкті, бала емізіп жүрген немесе дене қызуы көтеріліп тұрған адамдарға вакцина салынбайды. Ал екпе вирустан 10 жылға дейін қорғайды. Айта кету керек бүігнде әлемнің 130-ға жуық мемлекетінде осы вирусқа қарсы екпе тұрақты түрде жүргізіледі. Соның ішінде Грузия, Түркіменстан, Армения, Өзбекстан және Қырғызстан елдері бар.