BASTY BETBİLİMJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

БЕКТӨБЕ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында «Әліш» атындағы мектеп-гимназиясы пайдалануға берілді. Білім беру мекемесі 325 оқушыға арналған. Ауыл тұрғындарының қуанышымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров бөлісіп, оқушылар мен мектеп ұжымына сәттілік тіледі.

Қаратөбе ауылдық округінде 600 балаға шақталған бірғана мектеп болған. Бүгінде ауылдағы жалғыз білім ошағында оқитын бала саны 950-ге жеткен. Енді оқушылар таңдаулары бойынша жаңа мектепке ауыса алады. Білім беру мекемесі жекеменшік-серіктестік аясында ашылып отыр.

– Облыста 53 жеке меншік мектеп бар. Ода 12 мыңнан астам біздің балалар білім алып келеді. Бұл енді жаңа білім ордасы мектеп алды жаңа мектеп құтты болсын. Балаларымыз бұл жерден жақсы жақсы білім алып, мынау коллективке, ұстаздарға үлкен жетістікке жетуге тілектеспіз. Балаларымыз өсіп өніп, жаңа білім ордасының атын биікке шығарсың,- дейді Нұржан Календеров, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары

Салтанатты ашылу сәтінде ауыл тұрғындары жаңа оқу орнының ашылғанына қуанышты екенін жеткізіп, оқушыларға сәттілік тіледі. Мектеп-гимназия математика бағытында тереңдетіліп оқытылады. Сол үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылып, ең соңғы үлгідегі заманауи техникалар мен қамтылған. Бұл ауыл балаларына жасалған үлкен мүмкіндік болып отыр.

– Мен осы мектепте оқимын. Мен осы мектепке көшіп келгенмін. Мен ақылды қызбын. Өскеннен кейін мен мұғалім боламын. Мектеп қатты ұнады маған. Мектеп әдемі, мен үздік оқушымын,- дейді Дария Базарқұл, оқушы

Оқушылар жалпы стандарттық білім беру бағарламасы бойынша тегін оқу, ыстық тамақпен қамтылады. Ал ата-ана сабақ уақытысынан тыс балаларды қосымша спорт секцияларына, шығармашылық, тілдік курстарға да жазуға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *