ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №59 мекемесінің тәрбие дәне кадр жұмысы тобының қызметкерлерімен мектеп оқушыларына ҚР ІІМ Қостанай Академиясына оқуға түсуге үгіттеу жұмыстары жүргізілді. Мектеп түлектерінің назарына оқуға түсу алгоритмі түсіндірілді. Онда, оқу орнының курсанттары мемлекеттің қаматамасыз етуінде, яғни шәкіртақы алатындығы, киім-кешектері, үш мезгілді ас қабылдауы және тегін медициналық көмек алуы айтылды. Үгіттеу жұмыстарының негізгі мақсаты-жас түлектердің сапалы білім алып, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқаруы болып табылады.