ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНДА «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қаратау қаласындағы А.С. Пушкин атындағы орта мектепте жоғары сынып оқушыларымен «Заң және тәртіп» тақырыбында құқықтық бағыттағы кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, akorda.kz сайтына сілтеме жасап.
Кездесудің негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының заңнамалары, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқықтық жауапкершілік түрлері туралы жан-жақты ақпарат беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар алды.

