ЖҮГІРУДЕН ӘСКЕРИ ЧЕЛЛЕНДЖ
Таразда әскери қызметшілер жүгіруден жарысты. Бұл челленджді қалалық гарнизонының 5-ші механикаландырылған бригадасы елордалық құрлық әскерлеріне қарасты 68665 әскери бөлімнің қызметшілерінен қабыл алған.
Әскери қызметшілер колоннасын штаб бастығы өз орынбасарларымен бірге басқарды. 24 шақырым қашықтыққа жүгіруден жарыс қала аумағына жақын жерде өткізілді. Жалпы бағын сынау үшін 400-ге жуық әскери қызметкер қатысып отыр.
Әскерилер барынша сыннан сүрінбеуге тырысты. Айта кету керек әрбір жауынгердің арқалаған техникасының салмағы шамамен 20 келідей болады. Ал бұл тапсырманы қиындата түсетіні анық. Бірақ күнделікті жаттығулар жарысты абыроймен аяқтауға көмектесті, – дейді сарбаздар. Ал өз кезегінде Тараз қалалық гарнизонының әскери қызметшілері челленджді Шығыс өңірлік қолбасшылығының бөлімшелеріне жолдады.