МЕРКІДЕ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Меркі ауданы Ақжол ауылында 80 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұған дейін 1931 жылы іргесі қаланған ескі ғимаратта біліп алып келген оқушылар енді жаңа нысанда бір ғана ауысыммен оқитын болады.
Елімізде Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу туралы тапсырмасы өңірімізде сәтті іске асырылып келеді. Осылай деген аймақ басшысының бірінші орынбасары Нұржан Календеров былтыр өңірде 15 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, 28 жаңа мектептің құрылысы басталып, оның 8-і ел игілігіне пайдалануға берілді дейді.
– Биылғы жылы тағы да 20 білім беру нысаны іске қосылады. Оның жетеуі ел президентінің бастамасымен жайлы мектеп ұлттық жобасы аясында іске асырылады,-дейді Нұржан Календеров, ЖО әкімінің бірінші орынбасары
Жауғаш батыр атындағы білім ошағына 450 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. 80 балаға шақталған мектепте 32 мұғалім сабақ береді. Ауыл тұрғындарының айтуынша елдімекенде 93 жылдан бері жаңа мектеп соғылмаған. Сондықтан ақжолдықтар жаңа білім ошағының пайдалануға берілгеніне дән риза.
Жаңа мектептің материалдық-техникалық базазына тоқтала кетсек. 17 оқу бөлмесі, 32 балаға арналған 1 асхана, спорт зал, лингафон кабинеті 2 зертхана, кітапхана мен арнайы шеберханамен қарастырылған.