BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

10 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Жамбыл облысында былтыр құны 35,8 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Ал биыл 960 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін тағы 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы өңірлік кеңестің кезекті отырысында айтылды.

Жиында «AMANAT» партиясының Жол картасы аясында 2024 жылы іске асырылатын инвестициялық жобалардың барысы талқыланды. Кеңестің кезекті отырысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров пен бейнебайланыс арқылы партия аудандық филиалдарының төрағалары және аудан әкімінің сала бойынша орынбасарлары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің баяндамасы тыңдалды. Аймақ басшысының орынбасары өткен жылы өңірде 75,6 миллиард теңгеге 13 жоба іске асырылып, 550 жаңа жұмыс орындары ашылғанын жеткізді. Ал, биыл жылы құны 186,5 миллиард теңгені құрайтын 28 жоба іске асырылып, 1 374 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отырғанын да тілге тиек етті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *