BASTY BETJAŃALYQTAR

«Chevron Direct Investment Fund» Жеке компаниясы Қазақстанға инвестиция салды

Астана, Қазақстан, 2024 жылғы 18 қаңтар – «Chevron Direct Investment Fund» Жеке компаниясы (CDIF) екі қазақстандық компаниямен инвестициялық келісім жасасқаны туралы хабарлайды.

Ауқымды жұмыс жүргізгеннен кейін, 2023 жылы CDIF бизнеске арналған қызметтер маркетплейсі «Top Cleaning Kazakhstan» ЖШС (top.kz) компаниясына және «Orhun Med Limited» – Қазақстанның денсаулық сақтау саласында жылдам дамып келе жатқан компаниясына 41 миллион долларға дейін инвестиция салды. Екі компания да CDIF ұсынған инвестицияға бизнестерін кеңейтуді, жұмыс орындарын ашуды және Қазақстанға жаңа технологиялар әкелуді жоспарлап отыр.

Екі кәсіпорын да сенімді бизнес тәжірибелерін, соның ішінде Қазақстан экономикасына елеулі экономикалық және әлеуметтік ықпал ету қабілетін көрсете білді.Сонымен қатар олар CDIF-тің барлық таңдау критерийлеріне сәйкес келді.

«Біз осы инвестициялар туралы қуанышпен хабарлаймыз, олар біздің қоғамға қызмет көрсететін, соның ішінде қызметкерлерді оқыту және елге технологиялар әкелу сияқты үлес қосатын Энергетика министрлігі мен «Шеврон» арасындағы табысты ынтымақтастықтың айқын мысалы», – дейді Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев.

CDIF компаниясының мақсаты Қазақстан Республикасы экономикасын дамытуға елеулі үлес қосу. Ол үшін цифрлық технологиялар, қоршаған ортаны қорғау, тауар өндіру және мұнай-газ саласына қызмет көрсету сияқты әртүрлі салалардағы жергілікті коммерциялық кәсіпорындарға жаңа инвестициялық мүмкіндікті қамтамасыз етіледі.

«Шеврон» Қазақстан экономикасына 30 жыл бойы инвестиция сала отырып, осы ұзақ мерзімді серіктесін мақтан тұтады және ел экономикасын дамытуға болашақта да инвестиция салуға ниетті. Бұл инвестициялық келісімшарттар Қазақстанның өнеркәсіптері мен жергілікті кәсіпорындарын дамытуға белсенді қолдау көрсету үшін компаниямыздың қосар үлесінің жаңа бір межесін білдіреді», – дейді «Шеврон» компаниясының Еуразия бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесc.

Компания Қазақстанның әртүрлі салаларындағы кәсіпорындарды дамыту мақсатында оларға инвестиция салу мүмкіндіктерін одан әрі қарастырады және кәсіпорындарды осы даму тарихының бір бөлшегі болуға шақырады.

Бұл туралы және таңдау критерийлері, инвестициялық процес және қаржыландыруға өтініш беру туралы ақпаратты толығырақ CDIF www.cdif.kz сайтынан таба аласыздар.

###

“Шеврон” туралы

“Шеврон” – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз адамзат прогресі үшін қолжетімді, сенімді және таза энергия қажет деп санаймыз. Біз адамзат прогресі үшін қолжетімді, сенімді және таза энергия қажет деп санаймыз. “Шеврон” мұнай мен табиғи газ шығарады, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен өнеркәсіпті жетілдіретін технологияларды дамытады. Біздің мақсатымыз мұнай және газ саласындағы дәстүрлі бизнесімізді дамыту, қызметіміздегі көміртек шығарындыларын азайту және әдеттегі бағыттарымызбен қатар жаңғырмалы отын, сутек өндірісі, көміртекті ұстап қалу, оффсетті пайдалану және басқа технологиялар сияқты бизнестің жаңа төмен көміртекті бағыттарын дамыту. “Шеврон” туралы қосымша ақпаратты www.chevron.comсайтынан табуға болады.

“Chevron Direct Investment Fund” ЖК «Астана» халықаралық қаржылық орталығында (АХҚО) тіркелген жеке компания. Олар “Шеврон” компаниясы Қазақстандағы әртүрлі салалардағы, соның ішінде ақпараттық және цифрлық технологиялар, қоршаған ортаны қорғау, мұнай және газ саласындағы тауар өндіру және қызмет көрсету салаларындағы жергілікті кәсіпорындарға инвестиция салу арқылы Қазақстан экономикасын дамытуды қолдауды жоспарлауға көмектесетін құрал. Толығырақ ақпарат алу үшінwww.cdif.kz сайтын қараңыз.

“Chevron Direct Investment Fund” ЖК – ұжымдық инвестиция салу Қоры емес және оның АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің (Astana Financial Services Authority, AFSA) кез келген қаржылық қызметті жүргізуге тиісті лицензиясы жоқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *