BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kzЗаң

ЖАМБЫЛДА ҚАНША АЗАМАТ БАНКРОТ ДЕП ТАНЫЛДЫ?

ҚР Қаржы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, елімізде 8 мыңнан астам қазақстандық банкрот деп танылған. 60 мыңнан астам борышкердің соттын тыс банкроттық рәсімі қабылданбаған. Жалпы өткен жылы елімізде мемлекеттік кірістер комитетіне банкроттық туралы 77 мыңнан астам өтініш келген-ді. Оның 6 мыңнан астамы жамбылдықтардан түскен.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше былтыр 847 азаматқа қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталып, 900 миллионнан астам теңге есептен шығарылған. Қызмет алушы тарапынан 42, ал 10 өтінішті қызмет көрсетуші тоқтатыпты. Оның негізгі себептері мүліктің болуы немесе қарызды өтеу құжатының болмауына байланысты, дейді жауаптылар.

Айта кетейік, өткен жылдың 3 наурызынан бастап Қазақстанда жеке тұлғалар банкроттық туралы арыз бере бастаған еді. Бұл Заң рәсімдердің 3 түрін қарастырады – соттан тыс банкроттық, соттық банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Бұл рәсімдер тек қарыз алушы арқылы іске асады. Ал несие берушілер борышкерді банкрот деп тануға құқығы жоқ. Естеріңізге сала кетейік, өтініш беруші айлық есептік көрсеткіш мөлшерін, сондай-ақ мүліктің жоқтығын растауы керек болған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *