BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAMЗаңҚылмыс

АЛАЯҚТАР ҚАТАРЫ АРТҚАН

Қазақстанда қылмыстардың жалпы санының тұрақты төмендегені байқалады.Алайда келтірілген залал сомасы керісінше артып барады. Себебі алаяқтардың әккі әркеті елімізде 40пайызға өскен. Олар тіпті туыс екеніңе қарамастан қалтаңды қағуға да дайын тұрады.

Бірнеше күн бұрын Тараз қалалық Полиция басқармасына 44 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген. Маусым айында бір әйел банктегі таныстары арқылы пәтер алуға ипотекалық несие рәсімдеуге көмектесемін деп уәде берген. Алайда алдап соққан. Қомақты сомаға тезірек қолжеткізу үшін жәбірленушіге ақшаның бір бөлігін банк қосымшасы арқылы аударуын сұраған. Жалпы алғанда 2 миллион теңге сазға отырғызған. Ипотекалық несиеде ресімделмеген.

– Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 190 бабының 1 бөлігі, яғни алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел іздестіру іс шаралары нәтижесінде полицей қызметкерлері Жамбыл ауданы Жалпақ төбе ауылының 41 жастағы тұрғыны анықтап ұстады. Азаматша өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда іс әрекеттері жалғасу да,-дейді Гүлсара Мұқтарқұлова, ЖО полиция департаментінің баспасөз хатшысы

Айта кету керек, елімізде Азаматтардың шоттарынан алаяқтықпен ақша ұрлаумен байланысты қылмыстар басым. 5 жыл ішінде олардың саны шамамен 40 есе өскен.Қазіргі таңда Интернет-алаяқтық салдарынан келтірілген залал сомасы 22 млрд теңгеден асқан.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *