BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ КӨЛЕМІ АРТТЫ

Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері біршама өсті. Енді ең төменгі зейнетақы көлемі 57 853 теңгені құрайды. Ал жалпы әлеуметтік төлемдер 7,5 пайызға көтерілген. 1 қаңтардан бастап тағы қандай өзгерістер орын алды? Сюжеттен көріңіз.

Жамбыл облысында 270 мыңға жуық зейнеткер бар. Олардың 127 960-ы ең төменгі мөлшердегі қаржыны алушылар. Енді олар биылдан бастап 57 853 теңге алады. Ал осы санаттағы бірақ жұмысы өтілі жоқ азаматтар үшін базалық зейнетақы көлемі – 28215 теңге болмақ.

– Барлық Қазақстандық зейнетақы алатын қазақстандықтар үшін 9 пайзға ұлғайып отыр. Одан басқа мүгедектігіне байланысты, балаларға арналған жәрдемақылар бар. Олардың барлығы орташа есеппен айлық көрсеткішпен ең төменгі күн көріс деңгейіне байланысты орташа есеппен 7,5 пайызға ұлғайып отыр,-дейді Аслан Оразбеков, еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті ЖОБ департаментінің басшысы

Көпбалалалы аналарға ай сайын төленетін жәрдемақы көлемі де көтеріліп отыр. Мәселен, 4 баласы бар отбасыларға 59 183тенге шотына түсетін болса, 10 баласы барларға 147 680теңге төленеді.

– Бала босануына байланысты күтіміне жағдайына және көп балалыларға төленетін төлемдердің барлығы 7,5 пайызға артып отыр. Бала күтіміне байланысты жәрдемақының бірінші балаға 1 айда төленетін 19 мыңнан 21 266 көбейді,-дейді Аслан Оразбеков, еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің ЖОБ департаментінің басшысы

Мамандардың сөзінше баланың тууына байланысты берілетін бір реттік жөргекпұлдың да көлемі ұлғайған. Айталық, 1-ші, 2-ші және 3ші нәрестенің тууына енді 140 296 теңге түседі. Ал 4 немесе одан кейінгі сәбилерге 232 596 тенге берілмек. Айта кету керек, биыл күнкөріс деңгейі де 43 407 теңгеге көтірілді. Бұдан бөлек, ең төменгі айлық көрсеткіш 70 мыңнан 85 мыңға артқан.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *