2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 14 000 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ
2025 жылға дейін облыста 1193 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, бұл өз кезегінде 14 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл туралы облыс әкімдігінің мәжілісінде айтылды. Сонымен қатар, аймақ басшысына өңірді дамыту жоспары таныстырылды.
Өңірді дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарының жобасы негізгі 3 бөлімнен тұрады. Бұл жеке инвестициялық жобалар, бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жобалар және халықты жұмыспен қамту. Дегенмен, агроөнеркәсіпті дамытуға басым көңіл бөлінуі тиіс-ті. Ал, жауаптылардың мәлімдеуінше, бұл 10 бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Нұржан КАЛЕНДЕРОВ ЖО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл бөлімде 153 ауылдық округ пен 4 қалада ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте құны 2,16 триллион теңгені құрайтын 1193 жобаның іске асырылу барысы қарастырылған. 13,9 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның 12,7 мыңы тұрақты, 1,2 мыңы уақытша: ауыл шаруашылығында – 3,9 мың жұмыс орны, өнеркәсіпте – 10 мың жұмыс орны.
Облыс әкімі жоғары нәтижеге жету үшін аудан әкімдері, мамандармен, соның ішінде шалғайдағы елді мекендердің басшыларымен бірлесе жұмыс істеу керектігін қадап айтты.
Нұржан НҰРЖІГІТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Мойынқұм ауданында халықпен кездесуде маған жергілікті кәсіпкер келіп айтты. Бізді облыстан бөліп жіберген сияқтысыз. Үкіметтен ешқандай жеңілдік көріп отырған жоқпыз, несие алмаймыз. Біз қалай бола аламыз.
Әлихан БАЛҚЫБЕКОВ МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Ауыл шаруашылығында биылғы жылдың соңына дейін 2 жоба толығымен жүзеге асады. Бұл сүтті өңдеу және жылыжай салу. Жалпы, 25 жылға қарай бізде 79 млрд теңгенің 178 жобасы бар. Жұмысты жалғастырамыз, Нұржан Молдиярұлы.
Аймақ басшысы жобаның жарты жыл сайын жаңартылып тұратынын мәлімдеді. Ал аудан әкімдерінің жұмысы , ашылған жаңа жұмыс орындарымен бағаланатын болады.