ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЖҮРІП ЖАТЫР
Қызылша ауруы дендеп барады. Биыл елімізде 12 мыңнан астам, оның ішінде Жамбыл облысында 1600-ден астам қызылша ауруы тіркелген. Дәрігерлердің сөзінше 80%-дан астам жағдайда вакцина алмаған балалар науқастанған. Қазір өңірде екпе салынбаған балалар арасында алдын алу шаралары қолға алынып отыр.
Жұқпалы дерттің таралуын тоқтату, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша барлық өңірлерінде қажетті іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Қордай ауданында да 6 қарашадан бастап қызылша, қызамық пен паротитке қарсы 6 мен 11 айлық балалар арасында екпе егу басталды. Ақ халаттылардың айтуынша екпенің құрамында әлсіреген микроорганизмдер бар. Ол ауру қоздырғыштары болғандықтан, бұл тірі екпелер тобына жатады. Яғни қажетті иммундық қорғанысты қалыптастыруға көмектеседі. Жоғарыда аталған үш аурудың бірі жұқса, ауырдың асқынудан қорғайды.
– Қазіргі таңда өздеріңіз білетіндей жоспарлы корь простуди парафит екпесінен жоспарлы түрде 1 және 6 жасында алынады. 5 жасқа дейінгі балалар 65пайызға жиі тіркелуде. Оның ішінде 22 пайызы 1 жасқа дейінгі келіп отыр,-дейді Айдын Байбеков, Қордай аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары
Баласының денсаулығына алаңдап, қызылшаға қарсы екпе салдырып жатқан ата-аналардың бірі – Индира Құдайбердиева.
– Баламды қызылшаға қарсы екпе алуға алып келдім. Ауырғанша аурудың алдына алыңыздар. Қазіргі таңда қызылша ауруы көп жүріп жатқандықтан, сол қызылша ауруының алдын алу үшін баламды қызылшаға қарсы екпе алуға алып келдім,-дейді Индира Құдайбердиева, ата-ана
Бүгінгі күні Қордай ауданы бойынша 316 балаға екпе салынған. Алдағы уақытта 6 айдан — 11 айға дейінге 1300-ге жуық бүлдіршінге екпе салынбақ. Ол үшін аудандық орталыцқ ауруханаға 1600 доза вакцина жеткізіліп, емдеу мекемелеріне таратылған.