BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ҚОРДАЙДА ЖАҢА АРХИВ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Қордайда архив қызметкерлері көптен күткен жаңа ғимарат қолданысқа берілді. Заман талабына сай салынған мекеме іші де қажетті техникалармен жабдықталған дейді мамандар.

Қордайлық архив қызметкерлерінің көптен күткен тілегі орындалды. 2 қабаттан тұратын ғимараттың құрылысына 338 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалыпты. Бұл жұмыстарды «ТаразҚұрылысИнвест» компаниясы жүргізген. Ашылу салтанатына осы салада жұмыс істейтін басқа облыстардың мамандары арнайы шақырылған. зиялы қауым мен ардагерлер жаңа мекеменің лентасын қиды.

– Құрметті архив қызметкерлері, архивте сақталған құнды құжаттарсыз ғылымның, мәдениет пен білім беру саласының тіпті мемлекеттің дамуы мүмкін емес екендігіөздеріңізге мәлім. Ел тарихын қалыптастыруда еңбектеріңіз орасаң екені бәрімізге анық. Баға жетпес құнды қазына болып табылатын тарихи мәдени мұраларымызды сақтаудағы сіздердің еңбектеріңіз әрқашан жемісті болсын,-дейді Бекзат Саттарханов, Қордай ауданының әкімі

Айта кету керек қазіргі таңда Қордай аудандық мемлекеттік архивте 13 қызметкер жұмыс істейді. Ал салтанатты жиынға келген қонақтар жылы лебіздерін білдірді.

– Біз міне бүгін тамаша бір оқиғаның куәсі болдық. Бізде қазақстан республикасында қабылданған «Архив-2023» кешенді бағдарламасына сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде облыстық аудандық деңгейдегі типтік архивтерді салу мәселесі көтерілген болатын міне соның алғашқы қарлығашы, ашылуына куасі болған қордай ауданындық мемлекеттік архивінің ғимараты болып табылыды,-дейді Сәбит Шілдебай, ҚР орталық мемлекеттік архивінің директоры

Жалпы ғимаратта құжаттарды қабылдау бөлмесі, арнайы қоймалар мен мәжіліс залы да қарастырылған. Мамандардың жұмыс істеуіне бар жағдай жаса ды дейді, мекеме басшысы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *