BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

САРБАЗДАР ОТБАСЫМЕН БЕЙНЕБАЙЛАНЫСҚА ШЫҚТЫ

Жаңа жылды әскерде қарсы алатын сарбаздар бейне байланыс арқылы отбасымен тілдесе алады. Қорғаныс министрлігінің бастамасымен «Отбасымен бейнеқоңырау» жобасын іске асырылып жатыр. Отан алдында борышын өтеп жатқан азаматтардың алғашқы легі туыстарымен хабарласып үлгерген.

Жаңа жылдық бейнебайланыс арқылы Қазақстанның түрлі қалаларымен байланыс орнатылуда. Әлішер Есдәулетов Астанаға, Иван Шевляков Петропавлға қоңырау шалды. Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында тұратын Жалғастың анасы Әсел Қаржаубай ұлының хабарласқанына қатты қуанды. Ал, Динар Сайфутдинов Жезқазғанға жаңа жылдық құттықтау жолдады.

“Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығының сарбаздары бірінші болып бірі туыстарымен бейнебайланысқа шықты. Қарапайым смартфонмен қоңырау шалып, жылы тілектерді тыңдады.

Әскери бөлімдегі борыншын өтеп жүрген сарбаздардың ата-анасы ұлдарының жаңа жылдық көңіл-күйлеріне қуанды. Айта кету керек, жаңа жыл басталғанға дейін сарбаздар мен олардың туыстары бір-бірін бейнебайланыс арқылы бірнеше рет құттықтай алады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *