BASTY BETJAŃALYQTARSportTARAZ 24 ONLINE kz

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін Жамбыл облысының үздік спортшылары анықталды. Арнайы марапатқа да ие болды. Түрлі әлемдік додалар да бақ сынап жүрген спорт майталмандары «Жыл үздігі-2023» мерекелік кешінде бас қосты.

Облыстың ғана емес ел намысын байрақты бәсекелерде көтеріп жүргендер мен спорт саласының дамуына үлес қосқан азаматтар 22 номинациясы бойынша марапатталды. Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», «үздік жаттықтырушы – 2023» «үздік спортшы – 2023» төсбелгісін бірқатар азаматқа ұсынды. Облыстық спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов бұл кеш спортшыларға мотивация болу үшін өткізілетіндігін жеткізді.

– Бүгін үлкен мейрам. Спортшылардың мейрамы. Жылда өткіземіз. Биыл жыл жақсы өтті деп ойлаймын. Әлем чемпиондарымыз шықты, жаңа жұлдыздарымыз шықты. Солардың барлығын марапаттап. Біздің облыстың әкіміне Ербол Шырақбайұлына үлкен рақмет. Бүгін өзі келіп марапаттайды спортшыларды. Бұл спортшыларға ол өте маңызды, бір матевация болады деп ойлаймын,-дейді Арман Ташметов, ЖО денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Сала саңлақтары басқосқан кеште жас спортшылар жаттығулар түрі бойынша қойылым көрсетіп, қонақтарға ерекше әсер қалдырды. Концерттік бағдарламаға ұласқан жиында боксшы Асланбек Шымбергенов былғары қолғабын облыс әкіміне сыйға тартты. Жылдың үздік спортшысы атанған жерлесіміз -әр спортшы үздік болуға лайықты дейді.

– Жамбылдан шыққан әр бір спортшы ең мықты спортшылар ғой. Қазақстанның намысын қорғап жатыр. Қай түрін алмасақта, барлық түрде жетістіктеріміз бар. Қай қайсын алмасақта Жыл үздігі болуға лайықты. Жыл сайын болады, спортшыларды қолдау, марапаттау. Мен қуаныштымын осындай шара өтіп жатқанына,-дейді Асланбек Шымбергенов, спортшы

Айта кету керек, биылғы жылы өңір спортшылары республикалық және халықаралық жарыстардан 1600-ге жуық медальді жеңіп алған. Ал 805 жамбылдық спортшы түрлі деңгейде ұлттық құрама командаларының сапында өнер көрсетіп жүр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *