AGROBASTY BETJAŃALYQTARQOǴAMАймақ

№59 мекемесінде сенбілік өтті

Бүгін, 19 маусым күні, №59 мекемесінде аумақты абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, мекеме ауласын, ғимарат маңын қоқыстан тазартты, жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік барысында қатысушылар ұйымшылдық пен жауапкершілік танытып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Нәтижесінде мекеме аумағы тазарып, көркейе түсті.

Тазалық – баршаға ортақ міндет. Сондықтан мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. №59 мекемесінің ұжымы қоршаған ортаны таза ұстауға әрдайым ерекше мән береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *