ЕРТЕ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ АШЫЛУЫ
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап еліміздің 11 пилоттық өңірінде «Дара» қоры «Шеврон» компаниясының қолдауымен Оқу-ағарту министрлігімен серіктестікте және Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірге «Мүмкіндіктер уақыты» жобасын жүзеге асыруда.
«Мүмкіндіктер уақыты» жобасы 17 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің базасында қауіп тобындағы балалары бар отбасыларға ерте қолдау қызметін дамытуға және осы қызметтерде жұмыс істеу үшін ерте қолдау мамандарын оқытуға бағытталған.
2024 жылдың тамыз айында Астана, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Тараз, Орал, Қарағанды, Қостанай, Тобыл, Арқалық, Павлодар, Шахтинск қалаларында туғаннан үш жасқа дейінгі балалары бар отбасылар үшін 16 ерте қолдау қызметі ашылады. Сонымен қатар Екібастұз қаласында, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш және Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылында да қамтылады. Ерте көмек көрсету қызметтері тегін және тұрғылықты мекенінде көрсетіледі.
Ерте қолдау қызметтерінің мамандары ата-аналарға баланың өмірінің алғашқы кезеңдерінде оның функционалдық дамуын қалай дамыту керектігін үйрету арқылы отбасыларға көмектеседі. Мамандар ата-аналар үшін қиындықтар туындаған салаға байланысты қызмет түрлерін таңдайды. Бұл салаға: қоршаған ортаны білу, қарым-қатынас жасау, еңбектеу немесе жүру, өзін-өзі күту дағдылары: тамақтану, қол жуу және т.б. сияқты дағдылар болуы мүмкін.
Ерте көмек көрсету қызметтерінде сапалы және тиімді жұмысты құру үшін «Ерте көмек көрсету маманы» бағдарламасы бойынша «Мүмкіндіктер уақыты» жобасының аясында ерте қолдау қызметінің мамандары оқытылады.