МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ
Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсету басты назарда. Осы орайда «Кедергiзiз келешек» партиялық жобасы аясында «Аманат» партиясы мен еңбек мобильдiлiгi орталығы бiрлесiп ерекше мұқтаж жандарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесiн өткiздi
Жамбыл облысында 45 мыңнан астам ерекше қажеттіліктері бар азамат бар. Ал азаматтардың осы топтарына қолайлы жағдай жасау партияның үнемі назарында болды. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Жамбыл облысында жыл басынан бері ерекше мұқтаж жандарға арналған 40 жәрмеңке ұйымдастырылған. Нәтижесінде 527 азамат тұрақты, 673-і уақытша жұмысқа орналасқан.