BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

«ТАРАЗ» ТРИОСЫНА 50 ЖЫЛ

Кенен Әзірбаев атындағы жамбыл облыстық филармониясынс 55 жыл толды. Осыған орай кеше облыс әкімі өнер ордасының ұжымына жаңа автобустың кілтін табыстады. Сондай ақ «Тараз» триосының 50 жылдығына арналған мерейтойлық концертке қатысты.

Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филормониясы Осы уақыт аралығында талай гастролдік сапарларға шықты. жамбылдың өнерлі жастары талайды тәнті қылып, республиканың әр аймағында 238 концер өткізген. Осы орайда мерейтойға орай облыс әкімі 40 орындық жаңа автобусты сыйға тартты.

Сондай ақ биыл Тараз» триосына 50 жыл толып отыр. мерейтойға орай шығармашылық концерт өтті. Мерекелік кешке ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, Мейрамбек бембаев пее трионың алғашқы құрамындағы өнер майталмандары арнайы құттықтай келген. Олар халық сүйіп тыңдайтын әндерді орындап халықтың қошеметіне бөленді.

– Міне бүгін Тараз триосының 50 жылдық мерекелік концертін көріп тамашалап отырмыз. Халық сондай көп жиналған. Орындап жатқан әндері, репертуарлары жаналанған. Қазір көңілім тасып қуанып отырмын. Рақмет,-дейді Есенхан Рымқұлов, ҚР мәдениет қайраткері

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *