ЕСІРТКІ САУДАСЫНЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ
Жамбыл облысында аса ірі көлемде есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен Тараз қаласының тұрғынын құрықталды.
Арнайы операция кезінде ұсталған әйел – «Чели апай» бүркеншік атымен бұрын героин сатқаны үшін бірнеше рет сотты болған. осыдан бір жыл бұрын жедел уәкілдер оның 41 жастағы қызын есірткі саудасы саласындағы қылмыстары үшін «Мака» бүркеншік атымен құрықтаған болатын. 63 жастағы азаматшаның тұрғылықты жерін тінту барысында ерекше иісті сұр-қоңыр түсті заты бар екі сіріңке қорабы табылған. Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған зат жалпы салмағы 5,45 грамм – шамамен 60 доза «героин» есірткісі екені анықталған.
– Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Тараз қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір уақытта есірткі жеткізу арнасын анықтау бойынша қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, – деп хабарлады ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция полковнигі Әлім Бажықбаев,-дейді Гүлсара Мұхтарқұлова, ЖО ПД баспасөз қызметінің басшысы