ОБЛЫС ӘКІМІ «ALINA GROUP» ЖШС ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Сондай ақ облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Alina Group» ЖШС-ның жұмысымен танысты.
Кәсіпкер мамандарының айтуынша, мұнда жылына 150 мың тонна құрылыс гипсі мен 350 мың текше метр плита шығарылады. Аймақ басшысы өндіріс орнын аралап, өнімнің сапасын тексеріп, зауыттың жағдайымен толық танысты. Отандық өнімді қолдау бағытында кәсіпорынмен бірлескен жұмыстар жүргізу үшін облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына бірқатар тапсырмалар берді.
Айта кетейік, қазіргі таңда зауытта 170 адам жұмыс істесе, алдағы уақытта қызмектерлер санын 350-ге дейін көбейту көзделген. Сондай-ақ, болашақта мұнда жылына 400 мың тоннадан аса құрғақ және құрылыс қоспаларын шығаратын зауытты іске қосу жоспарланған.