БЕЙНЕКАМЕРАЛАР САНЫ АРТУДА
Мемлекет басшысының білім беру ұйымдарында, мектепке дейінгі мекемелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін цифрландыруды одан әрі дамыту туралы міндет жүктеген болатын. Бұл орайда Тараз қаласында бейнебақылау жүйесін кеңейту шеңберінде биыл «BriefCam» қоғамдық қауіпсіздік талдау функциясы бар 300 арнайы құрылғы орнатылған.
BriefCam бейнебақылау камерасының көмегімен әртүрлі сипаттағы бұзушылықтарды анықтауға болады. Әсіресе қос жолақтардың қиылысын нақты уақыт режимінде автомобильдермен де, басқа объектілермен де анықтау үшін қажетті траекторияны бiлуге болады. Сондай-ақ, ерлер, әйелдер, балалардың киімнің түсі, бас киімнің болуы, ұзын немесе қысқа жеңді, велосипедтерде немесе басқа көліктерде сүзу параметрлері арқылы іздеуге болады.
– Қылмыскерді жәбірленуші осындай қылмыскер, осындай жасады. Түрін бізге айтса, біз осы камералар мен ол әйел адам болса да еркек адам болса үстіндегі киімі мен басында қандай шапка болды, шляпа болды ма, велосипетпен жүрді ма, машинамен кетті ма, осы камераға, системаға құйып, задание берсек тапсырма ол бүкіл қаладағы камералар мен оброботка жасап именна сол адам қашан, қай жерде болғанын и қазіргі таңда қай жерде жүргенің осы система тауып бере алады,-дейді Бауыржан Үдергенов, Жамбыл облысы ПД басшысының орынбасары
«Қауіпсіз қала» жобасы аясында да ПД сергек компаниясымен бірге қылмыс көп орын алатын жерлерге 1250 бейнебақылау камераларын орнатқан.
– Қанша камераларды қойғанбыз. Олар мен де жұмыс жасап подьездерде, мкр-дар да өзіңіз білесіздер камералар тұр. Сонымен қылмыста азайды, ұрлықта азайып жатыр. Қылмысты ашуға көп көмегі тиіп жатыр,-дейді Бауыржан Үдергенов, Жамбыл облысы ПД басшысының орынбасары
Жауаптылардың айтуынша, шаһардағы 180 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласына 2280 бейнебақылау камерасы орнатылған. Апаттардың алдын алу мен жылдамдық режимін сақтау мақсатында қала мен облыстың автожолдарында «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешендерінің 50 бекет жұмыс істеуде.