ЕЛОРДАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР 9 НАУҚАСҚА ОТА ЖАСАЙДЫ
ҚР Президенті басқармасы медициналық орталығының дәрігерлері Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Жоғарғы білікті нейрохирург, гинеколог, уролог, онкохирург мамандары өңірлік ақхалаттыларға шеберлік кластарын өткізіп жатыр. Сондай-ақ облыс тұрғындарына тегін кеңес беріп, күрделі оталар жасайды.
Осыған дейін медициналық делегация Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында болған. Білікті дәрігерлер жалпы 131 операция өткізген. Мыңнан астам науқасқа тегін кеңес беріп, 4600-ден астам маманға дәрістер оқылыпты. Дәрігерлердің айтуынша, ҚР Президенті іс басқармасының медициналық орталығы мен Жамбыл облысы әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоймақ. Айта кету керек, өңірге іс сапары аясында елордалық ақхалаттылар нейрохирургия бойынша 9 азаматқа ота жасамақ.
– Бүгін таңертен 2 операция өткен болатын. Тағы да 7 операция қалалық ауруханада жасалады. Екі науқастың басында анализмасы бар миына қан кеткен. 5 науқастың миының тамырлары тарылған, сол тарылған жерге біз ары қарай кеңейтіп стенд қоямыз. Бұл науқастар алдында инсулт көтерген. Сол қайталанбау үшін жасалатын күрделі оталар,-дейді Мыңжылқы Бердіходжаев, ҚР президентінің іс басқармасы медициналық oрталығы ауруханасы директорының орынбасары