BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kzАймақ

4 МЕКТЕПТІҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жамбылдағы 447 мектепке 237 131 оқушы білім алуда.  Оның ішінде 22778-і 1 сыныпқа жаңа қабылданған балалар. Аймақта 6 жаңа мектеп пайдалануға берілген. Олар Тараз қаласындағы  600 орындық, Айшабибі ауылында 300 орындық, Арал мен Диқан ауылдарында  180 орындық мектеп болса, Алатау мен Сеңгібай ауылында 100 орындық білім ошағы. Жаңа оқу жылындағы оушылардың жағдайы қандай?

Биылғы оқу жылының басында 4 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары аяқтамай қалды. Олар Тұрар Рысқұлов ауданы қарасты №2 орта мектеп. Оқушылар мәдениет үйінде орналастырылды. Сондай –ақ осы ауданға қарасты Құлан орта мектебінің оқушылары колледжде сабақтарын жалғастыруда. Мойынқұм мен Меркі ауданында да дәл осындай жағдай.

Айдын ДОСЫБАЕВА- ЖО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

-«Осылайша  бүгінгі күні 2,3 ауысымды, 2 оқушы орын тапшылығы, 4 тозығы жеткен мектептің мәселесі шешілді.Жыл соңына дейін тағы 4 мектептің құрылысы толығымен аяқталып, 2 оқушы орын тапшылығы бар, 2 тозығы жеткен мектептің мәселесі шешіледі деп күтілуде.»

Оқушылар оқулықтармен 100 пайызға қамтылған деседі. Сондай-ақ барлық мектептер Күнделік ақпарат жүйесіне қосылған. Енді мектептер мен бала-бақшаларда бейнебақылау камералары толық жұмыс жасайтын болады. Сондай-ақ, «Мектепке жол» акциясы аясында киім-кешекпен қамтуға демеушілерді кеңінен тарту жұмыстары жалғасады. Демеушілер есебінен 7656 балаға 108 млн, 308 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Айдын ДОСЫБАЕВА- ЖО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаквтың, 1 қыркүйек күні өткен жолдауында Жайлы мектеп ұлттық жобасы жайлы айтылды. Осыған орай білім басқармасы 2023-2025 жылдар аралығында 16 мектеп салуды жоспарлап отыр.»

Биыл 8159 талапкер колледжге оқуға қабылданды. Оның 70 пайызы мемлекеттік грант иегерлері болып табылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *