ЖАПОНИЯДАН ЖАҢА ЖАБДЫҚТАР ӘКЕЛІНДІ
Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасы Жапонияның «Шөп тамыры» жобасы аясындағы қайтарымсыз грантты жеңіп алды. Осыған орай ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Ямада Джун, атташе Комия Шимон және әлеуметтік жобаларға арналған қайтарымсыз көмек бағдарламасының үйлестірушілері Таразға келді.
2021 жылы облыстық балалар ауруханасы “KUSANONE” бағдарламасы бойынша Жапонияның Қазақстандағы елшілігіне жабдықтар сатып алуға өтінім берген. Қараша айында өтінім мақұлданып, 2022 жылы ақпанда ұйым басшылары арасында грант-келісімшартқа қол қойылыпты. Нәтижесінде кір жуғыш машина, бу стерилизаторы, герметикалық қаптамаға арналған термоқосу бұйымдарының құрылғысы, Steelco DS 50 құралдарына арналған жуу-дезинфекциялау аппараты сатып алынып отыр. Жалпы 4 техниканың құны 35 млн теңгеге жуық.
– Жамбыл облысында құны 320 миллион АҚШ доллары болатын 4 жоба жүзеге асырылды. Жапонияның қолдауы сіздің ауруханадағы емделушілеріңізге қауіпсіз ортада медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретініне өте қуаныштымыз. Сіздердің ауруханаларыңыз Жапония мен Қазақстан арасында.шынайы достық көпіріне айналады деп шын жүректен үміттенеміз,-дейді Джун Ямада, жапонияның қазақстан республикасында елшісі